Рақымшылықтың алғашқы нәтижесі жарияланды
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік амнистия жүргізіліп, 590 мыңға жуық азаматқа қатысты жеңілдік қолданылған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде 22 миллиард теңгеден астам айыппұл есептен шығарылған.
1 шілдеде Тоқаев жаңа Конституциясының қабылдануына орай жарияланған амнистия туралы Заңға қол қойды. Ішкі істер органдарының бағыты бойынша амнистия шамамен 590 мың азаматқа қатысты қолданылған.
Ішкі істер органдарының мәліметінше, нәтижесінде оларға қатысты 1,3 миллионнан астам әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылған.







