WhatsApp желісінде сауалнама жүргізу мүмкіндігі пайда болды

286
Енді iOS және Android жүйелеріндегі WhatsApp-тың барлық пайдаланушыcы қолданбаны жаңарту арқылы сауалнамалар жасай алады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



WABetaInfo әзірлеушілері жаңалық жариялады. Енді WhatsApp-та жеке және топтық чаттарда сауалнамалар жасауға болады. Сонымен сауалнамаға 12 жауап нұсқасын қосуға мүмкіндік бар. Чат мүшелері сауалнаманы көріп, дауыс бере алады.

Біреу сіздің сауалнамаңызға опцияны таңдау арқылы жауап бергенде, сауалнама мәліметтерін ашу арқылы ең көп дауыс жинаған жауапты көре аласыз, - делінген хабарламада.


Жаңашылдық WhatsApp Desktop бета 2.2246.1 және тұрақты 2.2244.6 нұсқаларында қолжетімді. Функцияны іске асыру бірнеше күнге созылуы мүмкін, - дейді мамандар.

24 қарашада WhatsApp желісінде Қазақстандағы 3,2 миллион қолданушының дерегі желіге тарап кеткені белгілі болды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.