"Жұмыстан сұрансаң 3 мың теңге" - балабақша тәрбиешісі

288
Жамбыл облысында балабақшадан шу шықты. Қызметкерлер басшылықтың сан желеумен ақша талап етуі жиілеп кетті дейді. , - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Балабақша қызметкерлері ұжымдағы алауыздыққа басшылығын айыптайды. Олардың айтуынша, меңгеруші бөбекжайды бизнеске айналдырған. Нақтысы, ай сайын жалақымыздан ақша жинап береміз дейді. Ол үшін басшылық бекіткен прайс парақшаның бар екенін айтады. Егер шаруаң шығып, жұмыста болмасаң, үш мың теңге, бала саны аз болса, екі мың теңге төлесең, басшылық көз жұма қарайды дейді.

«Бір қыз жұмысымен сұранып кететін болса, үш мың теңгені сол күні қолма-қол береді. Бала саны жетпейді деп үш ай жинадық. 2 мың теңгеден 75 қызметкер жинап берді. Антикор, еңбек инспекциясы тексеріп, статьямен шығарады», – дейді «Алтын Сақа» балабақшасының кәсіподақ төрайымы Гүлназ Сидінабиева.

Алты жылдан бері 60 адамды жұмысқа қабылдаған меңгеруші жұмыс орнын май шелпекке айналдырды дейді қызметкерлер. Айтуларынша, заңды бала күтімі бойынша демалысқа шығып, қайта келгеннің де құны бар. Кейбірі тіпті жұмыстан шығып қалғанын бүгін естіп аң-таң.

«Білмеймін, не үшін шығарғанын. Мен кеше естідім. Жұмыс істеген кезімде де 200 мың талап еткен. Енді жұмысқа шықсаң, осынша сома әкеп бересің. Сыйлығыңды бересің деп хабарласты», – дейді «Алтын Сақа» балабақшасының бұрынғы тәрбиешісі Айтолқын Ахметова.