Жол үстіндегі төбелес: 40 жастағы ер адамды пышақтап өлтірген 4 күдікті ұсталды
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, қолға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.
Қаз
Рус






