Қызылордада көлік жүретін көпірдің бір бөлігі опырылды
Қызылордада облыс орталығы мен Тасбөгет кентін байланыстыратын автокөлік көпірінің бір бөлігі құлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға кадрлары әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға 19 наурызда кешке болған.
Қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімінің өкілдері жергілікті тұрғынның жазбасына жауап беріп, көпірдің қалпына келтірілетінін мәлімдеді.
Кейінірек әкімдік қызметкерлері көпірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізіп жатқаны белгілі болды.
Қаз
Рус






