Қызылордада көлік жүретін көпірдің бір бөлігі опырылды

5 039

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотҚызылордада облыс орталығы мен Тасбөгет кентін байланыстыратын автокөлік көпірінің бір бөлігі құлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға кадрлары әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға 19 наурызда кешке болған.

"Бұл көпірдің тарихы өте ескі. Мұнда көлік қозғалысы өте қарқынды. Қандай жағдайда екенін білмейміз, бірақ жиегі құлағанын көріп отырмыз. Былтыр дәл осындай жағдай көпірдің екінші жағында болған еді. Көпірдің астында жиі ересектер мен жастар жиналады. Бақытымызға қарай, бүгін ешкім болмаған, ешкім зардап шеккен жоқ", – деді бейнежазба авторы.

Қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімінің өкілдері жергілікті тұрғынның жазбасына жауап беріп, көпірдің қалпына келтірілетінін мәлімдеді.

"Назарбаев даңғылынан Тасбөгет кентіне баратын жолдағы көпірдің қаңқасы тозу салдарынан зақымданған... Алдағы уақытта көпірді күтіп-ұстауға жауапты мердігер мекеме – "Әлем Транс" ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізеді", – делінген хабарламада.

Кейінірек әкімдік қызметкерлері көпірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізіп жатқаны белгілі болды.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.