51 сот орындаушысы жазаланды

1 189

Фото:gov.kzАлматы прокурорлары жеке сот орындаушыларын жауапқа тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматы прокуратурасы әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың заңдылығы тұрғысынан талдау жасады.

"ЖСО-ның 1000-нан астам борышкерге қатысты олардың банктік шоттарына және мүлкіне тыйым салу жөнінде шаралар қабылдамаған деректері анықталды, жалақыдан берешекті ұстап қалу жүргізілмеген, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылмаған. Заңбұзушылықтар борышкерлердің сот актілерін орындаудан ұзақ уақыт жалтаруына және бюджетке қаражат түспеуіне әкеп соқтырды, осылайша жазаның бұлтартпастық қағидаты бұзылды", - делінген хабарламада.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 50 жеке сот орындаушылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 1 ЖСО-ға қатысты оны палатадан шығару рәсіміне бастама жасалды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 75 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.