Қызылшадан көз жұмған екі баланың өліміне қатысты жаңа деректер айтылды
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері желтоқсан айында қызылшадан көз жұмған екі балаға қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында эпидемиологиялық жағдайды баяндаған министрлік өкілдері қызылшаның өршіп тұрғанын айтты. Сондай-ақ желтоқсан айында елімізде қызылшадан екі бала көз жұмғанын жасырмады. Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанова осы жағдайға қатысты тергеу нәтижелерімен бөлісті.
Департамент өкілі алты айлық баланың шынымен де қызылшадан көз жұмғаны сараптама қортындысында расталғанын айтты. Әйгерім Оспанова өткен айда жұқпалы аурудан көз жұмған астаналық сәбидің оқиғасына қатысты да түсініктеме берді.
Ведомство өкілінің айтуынша Өскеменде аурудан көз жұмған емізулі баланың анасы да қызылшаға қарсы екпе салдырмаған.
Еске салайық, бұған дейін Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. Жұқпалы аурудан көз жұмған тағы бір бала өлімі Астана қаласында тіркелген болатын.