Сатушылардан қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап ету ұсынылды
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң жобасын талқылау барысында құжатқа қазақ тілінің мәртебесіне қатысты нормаларды енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ал заң жобасының өзін сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев таныстырды.
Түпнұсқалық ақпаратта 2021 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 25 мың, 2022 жылы 30 мың өтініш түссе, келесі жылы олардың саны 51 мыңға жеткені айтылған. Басқа да мемлекеттік органдарға өтініштер саны артқан. 2021 жылы 45 мың, 2022 жылы 47 мың болса, 2023 жылы 74 мыңнан асты.
Министрдің айтуынша, құжат азаматтық тұтынушы дауларын шешу тәртібін көп сатылыдан екі кезеңге дейін жеңілдетеді. Тұтынушылардың дауларын шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс процедуралары арасында да айырмашылық бар.