Шиелі ауданының әкімі ерекше жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады

61

Шиелі ауданының әкімі ерекше жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов «Тең қоғам» орталығына барып, ерекше жандармен тағы бір мәрте кездесті.

Жиын барысында ерекше жандар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, аудан әкімі жауапты бөлім басшыларымен бірге күрмеуі қиын мәселелердің шешу жолын қарастырды.

Атап айтқанда, кездесуде медицина, әлеуметтік көмек, тұрғын үй секілді бірнеше сала бойынша сауалдар қойылды.

Айта кетейік, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары аудандық музей жұмысымен танысты. 

Аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов Шиелі аудандық тарихи-этнографиялық мұражайының жұмысымен танысып, қызметкерлерімен тілдесті. 

Кездесу барысында музей қызметкерлері тарихи-этнографиялық музейдің тарихына тоқталып, ондағы экспонаттар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов орталық алаңда кент тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында Алмат Алдабергенов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Мұнан соң, тұрғындар өз сауалдарын қойып, аудан әкімінің орынбасары тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп атқарылатындығын жеткізді. Айтылған ұсыныстарға байланысты жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.


 Бүгін Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы Дихан Әубәкіровпен бірге судан тапшылық көрмес үшін өз қаражаты есебінен қам жасап, электрлі насос қондырғысын орнатқан «Төңкеріс К» шаруа қожалығының төрағасы Бауыржан Көпеевпен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі насос құрылғысының жұмысын көріп, құрылғыны орнатуға кеткен шығындардың «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің есебінен өтелетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, бұл жұмыстарға тек ірі шаруа қожалықтары ғана емес, шағын шаруа қожалықтары да ат салысу керек екенін айтты.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 31 мың 600 гектар жерге түрлі дақылдар орналастырылып, негізгі дақыл ақ күріштің көлемі - 13 мың 189 гектарды құрап отыр. 

***

Сонымен қатар аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Аудан әкімі Нұржан Ахатов кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй кезегі және жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек мәселелерін көтерді.

Аудан әкімі азаматтардың мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

***

Бүгінгі жұмыс кестесі бойынша аудан әкімі Нұржан Ахатов «Қазпошта» АҚ Шиелі аудандық филиалының жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында аудандық пошта мекемесінің қызметкерлері заңды тұлғаларға қызмет көрсету, сәлемделемелер жөнелту, қаржылық аударымдар жасау бөлмелеріндегі жұмыс барысын баяндады.

Аудан әкімі аталған мекемеде ең алдымен келушілерге қолайлы жағдай жасалу керектігін, яғни желдеткіштердің жұмыс жасап тұруы керектігін айтты. 

«Мекеме қызметкерлерінің жалақыны көтеру және тағы басқа ұсыныстарына орай, мекеменің облыстағы басшылығымен кездесу ұйымдастыруымыз қажет», - деді аудан әкімі.