Антикор Нұр-Сұлтандағы стадионға қатысты пара алу дерегін тергеп жатыр
264
Нұр-Сұлтанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апатты деп тану үшін пара алу дерегі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Антикор.«Антикоррупциялық қызметі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды нысанды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты жеке компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу дерегі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Тағы да оқыңыздар

Үздік аула анықталды
1 174
Қаз
Рус





