Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

1 502

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қорғаныс министрлігінің сайтыҚазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қанат Ниязбеков сот шешімімен қамауға алынды.

Каспий теңізінде өткен әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұсталған.

"Әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында қызметке салғырт қарағаны үшін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысын, I дәрежелі капитанды ұстады.Уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген ІІМ хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған.

Бұл қызметті бұған дейін I дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атқарған. 3 қазанда Президент оны қызметінен босатқан еді.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.