Балаларды ұрған мешіт ұстазы қызметінен босатылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматы облысында мешітте діни сауат курсына қатысқан жасөспірімдерді ұстазы ұрып-соққан. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Видеода мешіттегі оқу бөлмесінде ер адам жасөспірімдерді ұрып, қамшыға ұқсас затпен сабағаны көрінеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқиға маусымда Қарасай ауданындағы «Түркістан-1» мешітінде болғанын растады.
ҚМДБ мәліметінше, оқушылар арасында шу шыққан. Осы кезде мешіт ұстазы Дүйсехан Нұрберді балаларды тәртіпке шақыру кезінде эмоцияға беріліп, педагогикалық әдепке сай келмейтін әрекет жасаған.
«Бұл жағдай басшылыққа дер кезінде жеткізілмеген. Маусымның соңында арнайы жиналыс өткізіліп, мәселенің мән-жайы жан-жақты қаралды. Дүйсехан Нұрберді өз қателігін мойындап, өкініш білдіріп, ата-аналардан кешірім сұрады», – деп хабарлады ҚМДБ.
Мүфтияттың хабарлауынша, ата-аналардың оқытушыға қатысты шағымы жоқ. Мешіт ұстазы қызметінен босатылды.
Читайте также

Қаз
Рус





