Тұрғын үй бағасы бір жылда қалай өзгерді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
2025 жылы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында белсенділік жоғары болып, тұрғын үй бағасы жыл қорытындысы бойынша 15% өсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық банктің қаржы және нақты активтер нарығын талдау басқармасының басшысы Талғат Жарқынбай Ұлттық банктің сараптамалық-талдамалық пікірталас клубының отырысында айтты.
Оның айтуынша, 2025 жылы жылжымайтын мүлік нарығында белсенділік жоғары деңгейде сақталды. Нәтижесінде екі нарықта да, яғни бастапқы және қайталама тұрғын үй нарықтарында, жыл қорытындысы бойынша бағалар шамамен 15% өскен.
- 2025 жылы нарықтар жалпы белсенді болды. Жыл қорытындысы бойынша екі нарықта да бағалар 15%-ға өсті. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өсім қарқыны біршама баяулағанымен, ол әлі де инфляция деңгейінен жоғары болды, – деді Талғат Жарқынбай.
Сонымен қатар 2026 жылдың алғашқы алты айында жылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама төмендеген.
- Егер нарықтағы белсенділікті сатып алу-сату мәмілелері арқылы талдайтын болсақ, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мәмілелер саны 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда біршама қысқарды, – деді Ұлттық банк өкілі.
Оның мәліметінше, осы кезеңде жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша несие беру көлемі, керісінше, артқан. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жеңілдетілген ипотека беру көрсеткіші 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өскен.
Сонымен бірге тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражат алу көлемі де айтарлықтай болды.
Қаз
Рус






