800-ден астам шетелдік Қазақстаннан шығарылды

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚР көліктегі полициясыКөлік полициясы 2026 жылғы 6 қазанда шетелдік азаматтарға Қазақстанда болу қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды. Бұл талаптарды бұзғандарға елден шығарып жіберуге дейінгі жаза қолданылуы мүмкін, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Мәселен, Астана станциясының теміржол вокзалы аумағында Қазақстанда жұмыс істеуге құқық беретін тиісті құжаттары жоқ үш шетелдік анықталған. 22, 28 және 33 жастағы азаматтар құрылыста әртүрлі жұмыс атқарған. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарып жіберу жазасы тағайындалды.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 3 043 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 2 801 адам Қазақстан аумағында болу қағидаларын бұзған. Сот шешімдерімен 837 құқық бұзушы елден шығарылды.

"Шетелдік азаматтар Қазақстанның көші-қон заңнамасы талаптарын, соның ішінде елде болу қағидалары мен еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібін сақтауға міндетті. Қажетті құжаттарсыз жұмыс істегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға елден шығарып жіберу жазасы қолданылып, кейін Қазақстанға қайта кіруіне шектеу қойылуы мүмкін", – деп ескертті көлік полициясы.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.