КИЕЛІ МЕКЕН: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

813

Қоршаған ортаны қорғау – әрбір азаматтың басты парызы. Осыған орай, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Сыр өңірінде де аталмыш бастаманы қолдау мақсатында «Таза Қазақстан - таза аймақ» атауымен игі бастама жалғасын тапты.     Аймақ басшысы облыс халқына арнайы үндеу жолдап, экологиялық акцияға белсене қатысуға шақырды. Экологиялық акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарға арналған болатын. Тиісінше, екінші апта «Киелі мекен» атауымен жалғасып, өңірдегі тарихи-мәдени нысандардың аумағы тазартылатын болады. 


Осынау игі шарада Жалағаш ауданындағы киелі нысандардың бірі - Бұқарбай батыр және Ұлы Отан соғысы ескерткішінің аумағы тазартылды. Сонымен қатар,  жалағаштықтар кесене аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, күл-қоқыстардан тазартты. Бұдан бөлек, аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен музейлер аумағы да толық тазартылды. 


Шараға еріктілер, кент тұрғындары, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері өз үлестерін қосты.


#Сырелі

#Экологиялықакция

#Киелімекен


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.