Өскеменде екі қабатты жатақхана қирады

412

Фото: ТЖДӨскемен қаласында 70 жыл бұрын салынған екі қабатты жатақхана қирады.


Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, құтқарушыларға Тынышпаев көшесіндегі 1950 жылы салынған жатақхананың төбе жабындысы құлағаны туралы хабар келіп түскен. 


"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар екі тұрғынды эвакуациялады. Он азамат сол жерден өз күшімен шығып үлгерген. Кинологиялық қызмет өкілдері Алеся лақап атты иттің көмегімен жатақханада зардап шеккендердің бар-жоғын мұқият тексерді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.


 Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Төбе жабындысының құлаған аумағы шамамен сегіз шаршы метрді құраған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, үйде 50 адам тұрады. Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция қызметкерлері қоршап тастады. Сол жерде комиссия мүшелері жұмыс істеуде. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.