Депутаттың немересімен сөйлескен жігіт аяусыз соққыға жығылды

277
Өзбекстанда немересімен қыз-жігіт ретінде сөйлесіп жүрген оқушы жігітті аяусыз соққыға жыққан депутат айыпталып жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Басылымның жазуынша, 9-сынып оқушысы Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Камаши аудандық кеңесінің депутаты Панжи Нуртоев 8-сыныпта оқитын немересімен көңіл жарастырған.4 қарашаға қараған түні жасөспірім терезеден қыздың бөлмесіне кірген. Оны байқап қалған депутат ұлымен бірге оқушыны сабап тастаған.Сол түні жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілген.

Істі алдымен аудандық тергеу ісі бастап, кейін бұл істі бас прокуратураға берген. Себебі, Нуртоев жергілікті кеңес депутаты болғандықтан, оны қол тигізбеу мәртебесінен айыру үшін бас прокуратаның ұсынысы қажет болған.

Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясының Қашқадария облыстық кеңесі жиналыс өткізіп, Нуртоевты партиядан шығару және депутаттық мандатынан айыру туралы шешім қабылдапты
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.