Алаяқтар көлік салығын төлеуді талап ететін SMS жібере бастады
Мемлекеттік кірістер комитеті банктің мобильді қосымшасы арқылы пайдаланушыларға мүлік және көлік салығын төлеу қажет деген жалған хабарлама жіберетін алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын еске салады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Хабарламаны тапсырудың қолданыстағы тәртібіне – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, салық төлеушінің жеке кабинетіне электронды тәсілмен мобильді қосымша арқылы жіберу кіреді.
Хабарламаның фейк екенін қалай анықтаймыз?
Мыналарға назар аударыңыз:
- хабарлама жіберушіні қате көрсетуі, мысалы «ҚР салықтары» АҚ»;
- мүлік салығын дұрыс төлеген кезде Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетілуі керек, мүлік салығы - жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша, ал көлік салығы – салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі;
- салық төлеудің белгіленген мерзімі бар: көлік салығы бойынша – 1 сәуірден кешіктірмей, мүлік салығы бойынша – 1 қазаннан кешіктірмей. Тиісінше хабарламалар осы мерзімге дейін әрбір салық бойынша жіберіледі.
Есте сақтаңыз:
- есептелген салық сомасын «kgd.gov.kz» сайтында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады;
- салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін «e-Salyq Azamat» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.