11 жастағы баланы қағып өлтірген адам имам болып шықты

1 176

Фото: Әбілқасым ЕсентаевАбай облысы Үржар ауылының Гагарин көшесімен келе жатқан 44 жастағы жүргізушісі Toyota RAV-4 маркалы көлігімен 11 жастағы баланы қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Анықталғандай, рульде отырған адам осы ауылдың имамы болып шықты.

Жарақат алған бала Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасында қаза тапқан.

«Осы факт бойынша абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Тергеу Абай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені хабарланып отыр.

Бұл ретте, әлеуметтік желіде баланы қағып өлтірген ер адамның имам екені туралы ақпарат тараған еді. Бұл ақпаратты растау үшін редакция Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасынан комментарий сұраған еді. Мүфтияттың ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы ақпаратты растады.

«Иә, оқиғаға қатысы бар Үржар маңындағы ауыл мешітінің имамы екен», - деді ол.