Обылыстық полиция департаментінің басшылары бір күнде қызметінен қуылды
Жұмыстан алынғандардың қатарында Атырау қалалық полиция департаментінің бастығы мен облыстық полиция департаментінің есірткіге қатысты қылмыстармен күрес бөлімінің жетекшісі бар,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау өңірінде құқық қорғау органдарында бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Қызметінен босатылғандардың қатарында Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы және облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы күрес бөлімінің жетекшісі бар. Мәліметтерге сәйкес, кадрлық ауыс-түйістер есірткіге қарсы күрес бағытындағы бөлімшелердегі ықтимал заңбұзушылықтарға байланысты болуы мүмкін. Құқық қорғау органдары кейбір қызметкерлердің заңсыз әрекеттерге, соның ішінде есірткі айналымына қатысы болуы мүмкін деген жорамалдарды тексеріп жатыр. Сондай-ақ бағынышты қызметкерлерге қысым көрсету және бопсалау фактілері де назарға алынған.
Жүргізіліп жатқан тексеру нәтижелері ішкі қауіпсіздік бөлімдерінің жұмысына және полиция органдарының штаттық құрылымына өзгерістер енгізуге әсер етуі мүмкін. Тергеу іс-шаралары Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты өкілдерінің қатысуымен жүргізілгені айтылуда.
“Қызметтік және әскери тәртіпті бұзу фактілерінің анықталуына, сондай-ақ тиісті бақылау мен жұмысты ұйымдастырудың болмауына байланысты Атырау полиция департаментінің бастығы, сондай-ақ Атырау облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы мен есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшылары қызметтерінен шеттетілді”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.
Қызметтерінен босатылғандар қатарында Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының басшысы Әлішер Нұршаев, облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі Саламат Қалиев және кадр бөлімінің басшысы Шаяденов бар. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тексеру жалғасып жатыр. Құзырлы органдар заңдылық пен қызметтік тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жайды жан-жақты қарастыруда.







