Қазақстан Ауғанстаннан келетін студенттерге қандай қолдау көрсете алады?

322
Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда оқитын ауған студенттеріне виза бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Жоғары білім министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында елдің білім беру мекемелерінде 102 ауған студенті білім алып жатыр. Білім және ғылым министрлігі олардың бәрі демалыс кезінде Ауғанстанға қайтқанын мәлім етті.

"Қазақстандық тарап меморандум бойынша грант алған ауған азаматтарына виза бойынша қолдау көрсетуге дайын. Елге оралғаннан кейін олар гранттар мен шәкіртақыларды сақтай отырып, қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады", - делінген министрлік хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.