Көкшетауда мектептен табылған жарылғыш затты оқушы қыз жасағаны белгілі болды

266
Көкшетаудағы №2 орта мектепте қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Полицейлер құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағанын анықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлім етті.

Полиция қызметкерлері құрылғыны мектеп оқушыларының бірі (№2 орта мектеп. – ред.) жасағанын анықтады. Алдын ала белгілі болғандай, мұндай әрекетке қызды бұл оқу орнында оқуға құлықсыздығы себеп болған,- дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство бұл мәселе қосымша тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Кәмелетке толмағанды профилактикалық есепке қою жөніндегі мәселені ювеналдық полиция қызметкерлері шешеді,- деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 24 мамыр күні сағат 17:50-де Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің шаруашылық меңгерушісі полицияға қоймадан қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсас зат – сым салынған қаңылтыр банка табылды деген хабармен жүгінген. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, оқу орнынан барлығын – 20 мұғалім мен мектептің 10 техникалық қызметкерін сыртқа шығарды. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес анықталған құрылғыны орнында жою туралы шешім қабылданды – қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қауіпсіз қашықтықта жарды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.