Елімізде жылу желілерінің 66 пайызы тозған

202
Қазақстанда жылу электр станцияларының 66%-ы ескірген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бүгінгі таңда елімізде барлығы 37 жылу электр орталығы жұмыс істеуде, оның ішінде қызыл аймаққа – 19, сары аймаққа – 11 және жасыл аймаққа – 7 ЖЭО кірді. ЖЭО жабдықтарының орташа тозуы 66%-ды құрайды, бұл ретте Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларының ЖЭО-ның тозуы 80%-дан асады. Елдің ЖЭО-ның орташа жұмыс істеу уақыты 61 жылды құрайды, оның ішінде ЖЭО-ның шамамен 76%-ы 50 жылдан астам жұмыс істеген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларындағы авариялық ажыратулар саны 2020 жылмен салыстырғанда 5%-ға артты, - деді Болат Ақшолақов.


Ведомство басшысының сөзінше, электр және жылу энергиясына бекітілген тарифтерді ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдарды жөндеу үшін 93 млрд қаражат қажет.

Қазіргі уақытта елдегі электр желілерінің орташа тозуы шамамен 66% құрайды, бұл ретте Шығыс Қазақстан облысында 81%, Батыс Қазақстан облысында 80%, сондай-ақ Қостанай облысында 74%, - деді Болат Ақшолақов.
 

Министр жергілікті атқарушы органдар деңгейінде шешуді талап ететін шұғыл жүйелі шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті. 

Министрлік мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының функциясын күшейту бойынша түзетулер дайындап, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасына енгізді, - деді Энергетика министрі.