Күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін шетелдік азамат ұсталды

1 506

Фото:© Бейнеден кадр

Алматыда шетелдік күмәнді сәлемдеме тапсырыс беріп, қамауға алынды,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі  Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жеткізу қызметінде жұмыс істейтін курьер сәлемдемеге күдіктеніп, полицияға хабар берген. Полицейлерді көрген Сьерра-Леоне азаматы қашып кетуге әрекеттенгенімен, оқиға орнында ұсталған. Қорапты тексеру барысында оның ішінен есірткіге ұқсас зат табылған. Құқық қорғау органдарының анықтауынша, Сьерра-Леоне азаматы Қазақстан аумағында заңсыз жүрген. Күдікті қамауға алынған. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Бұл жағдай азаматтық жауапкершілік пен қырағылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Курьер өз жұмысын атқара отырып, күмәнді жағдайларды байқап, дер кезінде полицияға хабарлаған. Соның арқасында тыйым салынған заттардың таралуының алдын алуға мүмкіндік туды. Айта кету керек, мұндай фактілер полицияның ерекше бақылауында», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.