Батыс Қазақстанда шенеуніктер қызметтік көліктің орынына таксимен жүре бастады

328

Батыс Қазақстан облысында басқарма басшыларынан бастап облыстық әкімдіктің қызметкерлеріне дейін қызметтік көліктерін тастап, таксимен жүре бастады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

24 басқарма қызметкері қызметтің бұл түріне жылына 15 миллион теңге жұмсайды. Бұл бюджет қаражатын әжептәуір үнемдейді, дейді жауаптылар.  

“Такси таңертең 9-да қызметкерлерді жұмысқа алып келеді, содан кейін сағат 1-ге дейін ешқандай жиналыстар болмаса,  өзіміздің қала тұрғындарымен диспетчер арқылы байланысып, әрі қарай өздерінің тапсырыстарын орындай береді”,-дейді "AQJAIYQ" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры МЕЙІРБЕК НҰРКЕН.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.