NASA Жерге қауіпті астероид жақындағанын айтты

314

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу бойынша ұлттық басқарма (NASA) Жерге 138971 (2001 СВ21) астероидының жақындағанын мәлімдеді. Мамандар аталмыш астероидты планетамыз үшін қауіпті деп атады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Newsweek басылымына сілтеме жасап. 


Ғалымдар ғарыш денесінің диамтері шамамен 1,3 шақырым екенін айтады. Бұл Эйфель мұнарасынан 4 есе үлкен. 

Астероид Жерге 4 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де жақындайды. Осы уақытта сағатына 43 мың шақырым жылдамдықпен ұшқан астероид Жерден үш милион шақырым қашықтықтан өтеді. Бұл Жер мен Ай арасындағы қашықтықтан он есеге көп. 


Айта кетейік, бұған дейін Жерде магнит толқуы басталғанын хабарлаған едік. Толқуға Күн бетіндегі жарқыл себеп болған
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.