Мәсімовке қатысты тағы екі бап бойынша іс тергеліп жатыр

1 502

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты тағы да қылмыстық істер тергелуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 "Кәрім Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген ҚР ҰҚК жауабында. 


Сол себепті Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабы, 3-бөлігі бойынша Кәрім Мәсімов прокуратура санкциясынан қылмыстық іс аясында тергеу амалдарын жүргізу мақсатында Астана қаласы ҰҚК тергеу изоляторында қалғаны айтылады.

 Еске салайық, Еске салайық, 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, кейін ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды. Ал 24 сәуірде Астана сотында Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шыққанын хабарлаған едік. 

Ол 18 жылға сотталды. Сотта Мәсімов пен оның орынбасары Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасау (175-баптың 1-бөлігі), билікті күшпен басып алу (179-баптың 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттігін (ҚК-тің 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы) асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылған болатын. Алайда әлі күнге Мәсімов тергеу изоляторында екені белгілі.