Орал тұрғыны шоколад ұрлаймын деп полицияның қолына түсті

432

Орал тұрғыны шоколад ұрлаймын деп қолға түсті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


35 жастағы тұрғын жанармай бекетіндегі дүкеннен үш дана "Киндер" шоколадын ұрлады. Оқиға Абай даңғылындағы авто жанармай құю бекетінде болған. 

Ер адам тәттіні алып, далаға шығып кеткен. Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Күдікті бұған дейін де қылмыстық іске тартылып, сотталған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша тергеу амалдары жүруде.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.