Ақтаудағы ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың есімдері анықталды

1 430

Фотода: Э.Жұмағат, Г.Шаймерденова, С.Джутаева, С.ТөлесіновАқтаудағы ұшақ апатынан мерт болған қазақстандықтар туралы ақпарат белгілі болды. Ішінде ана мен бала да бар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Құтқару қызметі ұшақ апаты кезінде қаза болған Қазақстан азаматтары бойынша ақпарат берді. Көпшілігі Маңғыстау облысынан екен.

36 жастағы Сәндібек Төлесінов – Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;

39 жастағы Бауыржан Жұмағұлов – Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны;

46 жастағы Галина Махсудова – Ақтау қаласының тұрғыны;

49 жастағы Гаухар Шаймерденова –  Астана қаласының тұрғыны, бірақ Алматыда дүниеге келген. 

11 жасар Эльдар Жұмағат – Астана тұрғыны. Гаухар Шаймерденованың ұлы. 

29 жастағы Салима Джутаева Аманжолқызы –  Қарағанды қаласының тұрғыны.

Желіде қаза болғандар туралы ақпарат тарады. Мәселен Гаухар Шаймерденова Астанада нотариус болған екен. Тележүргізуші Санди Сұлтан Гауһар Шаймерденованың ұшақта болғанын хабарлады. Журналист олардың дос екенін және ол 10 жасар ұлы Эльдармен бірге Бакуден ұшқанын айтады.

Ал Салима Джутаева Қарағандыда стоматолог болып жұмыс істегені белгілі болды. 

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ұшақтағы қазақстандықтардың барлығы көз жұмды.