Ресейлік ерлі-зайыптылар елден қуылды

334
Қос азаматтығы бар ресейлік ерлі-зайыпты Қазақстаннан шығарылды деп хабарлайды, Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Оқиға Алматы халықаралық әуежайында болған. Құзырлы орган қызметкерлері Ресейден келген 71 және 69 жастағы ерлі-зайыптының қос азаматтығы барын анықтады. Олардың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы 2-бөлігі («Шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен заңды бұзған ерлі-зайыпты елден шығарылып, 5 жыл Қазақстанға кіру құқығынан айырылды, - деді Көліктегі ПД басшысының бірінші орынбасары, полковник Мадияр Айтуғанов.

Айта кетейік, жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 986 адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 38 адамның қос азаматтығы бары анықталған. Сондай-ақ сот қаулысымен 155 шетелдік елден шығарылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.