Жасөспірімдер автобус жүргізушісінің бетіне газ шашты
Астана қаласындағы №5 бағыттағы қоғамдық көлікте бірнеше жасөспірім төтенше жағдайға арналған балғаларды ұрламақ болды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Олардың бұл әрекетін байқаған автобус жүргізушісі тез арада видеоға түсіруге талпынған, алайда жасөспірімдердің бірі оның бетіне газ шашып, оқиға орнынан іздерін суытпақ болған.
Қазіргі таңда полиция күдіктілерді ұстап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ құқық қорғау органдары ата-аналары да әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді. Полиция қоғамдық көлікте тәртіпсіздікке жол берілмейтінін және азаматтардың қауіпсіздігі бірінші орында екенін ескертеді.







