ЕКІ ТҮННІҢ ІШІНДЕ ЖАҢА БОСАНҒАН АНА КІМНЕН ҚАШТЫ?
1 984
Түн ішінде құндақтаған баласын қолға алып, Ана мен бала перинаталды орталығынан жаңа босанған әйел қаша жөнелді,-деп хабарлайды « Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Суыт хабарды естігенде төбемізден жәй түскендей болдық. Расымен де Facebook әлеуметтік желілерінде тез тараған хабар Қызылорда қаласын дүрліктірді. Индира Абишова өзінің аталмыш орталықтан қашуыма мәжбүр болдым деді. Айдын күні аманында, бейбіт заманда перзентханадан ана баласын алып қашушы ма еді? Ақ халатты абзал жандарымызға не төнді? Жас сәбиді сыртқа тепкені несі? Бала денсаулығы қайда қалды? Білдей мекемеде білек сыбана қызмет етіп жүрген дәрігерлердің адалдығы осы ма? Деген сан сауал сананы қаумалайды. Шындығында, «Карантиндік шараларға байланысты босанушы әйел біршама құжат дайындайтындығы бәріне мәлім. Әсіресе, ПТР – тесті, сол зертхана нәтижесі мен анализдерімді жинап, қыркүйектің 16-да Ана мен Балаға толғатып түстім. 17 қыркүйекте ота жасалды баламды аман-есен қасыма алдым, босанғаннан кейінгі барлық тексерістен өттім. Яғни, рентген, Узи. Полный наркоз алған соң тамағым ғырылдап қалған болатын. Содан кеше 21-не түнде дәрігер келіп: «сізде температура бар сіз коронавируссыз», - деп қарап тұр. Ал күндізгі дәрігер айтқан болатын «УЗИ дұрыс болмай тұр, қан қалып қойған содан температура береді деп». Түнгі ауысымдағы медбике мен дәрігерлер мені баламнан айырып бөлмекші болды. «Баланы алып кетеміз, сіз арнайы стационарға ауысасыз», дегенде не айтып тұрсың деп сол жерде айқай шығарып түн ортасында больницадан баламды алып қашып шықтым. Масқара ғой бұл сонда жөтелген түшкіргеннің бәрі ауру ма? Не ойларымды да білмедім. Келісе берсем балама, я өзіме не істейтіндері бір Аллаға аян. Ақ халатты абзал жандар деп сыйлап жүрген дәрігерлеріміздің істегені осы» ,- деді 32 жастағы 6 перзентін өмірге әкелген ана. Алайда қазір үйде сәбиі дін аман. Күндіз №6 емханадан кезекші дәрігер келіп ана мен баланы бақылауға алған. Қазір температурасы жоқ. Жағдайы қалыпты. Шүкір.
Ал, аса құрметті дәрігерлеріміз бен түңгі кезекшілікке шыққан медицина қызметкерлері қалай жәйбарақат жіберіп отыр. Кім көрінген емін-еркін кіріп, шығатын орынға айналған ба? Дәрігерлердің дәрежесін көтереміз деп жүріп, қарапайым халықтың жағдайын ұмыт қалдырғандаймыз. Ақ халаттылардың айлығын көтереміз деп жүріп, қара халықты түн ішінде қаңғыртып алмасақ игі.
редактор,
Айгерім МЕҢДІБАЕВА