Қостанайлық тұрғын мәйітті екі ай бойы үйінің ауласында жасырып келген
383
Қостанай облысында ауыл тұрғыны досын өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол мәйітті бір ай бойы үйінің ауласында жасырып келген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Ер адам өзінің досын ішімдік ішіп отырған кезде темір құбырмен ұрған. Ал мәйітін жазғы ас үйде жасырған."Тұрғын абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. Жапа шеккен тарапқа, яғни марқұмның әпкесіне моральдық өтемақы төленді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", – деді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Зәуре Едикова.