Пәтерін жалға берушілерге жаппай салық салу қайта басталады

531
Пандемия кезінде салықтан босатылған пәтер иелері келесі жылдан бастап қайта салық төлейді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, коронавирус күшейген тұста пәтерді жалға берумен айналысатын 84 мыңнан аса кәсіпкерге жеңілдік жасалған. Олар 3 жыл салық төлеген жоқ. Енді олармен қоса, тұрғын үй жалдау нарығында жасырын жұмыс істейтіндерді де тіркеп, салық төлету көзделіп отыр.

Еске сала кетсек, таяуда ғана премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгінде пәтерді жалға берушілерді тексеру өте қиын екенін айтқан еді. Күрт қымбаттап кеткен бағаны реттей алмайтындарын да алға тартқан болатын. Алайда пәтерін жалға берумен заңды-заңсыз айналысып жатқандардың бәріне салық төлету аса қиындық тудырмайтынға ұқсайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.