Депозитке 10% өтемақы: Екі миллион қазақстандық өтінім берген

1 344
2 миллион қазақстандық теңгелік депозиттен өтемақы алуға келісімін берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап.

23 қарашадағы жағдай бойынша тек 2 миллион салымшы банктерде өтемақы алуға келісімін растаған. Бұл теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін салымшылардың жалпы санының 39% құрайды. Негізінен, басым көпшілігі депозиттерінде ірі сомадағы қаражатыбар тұлғалар болды.

Айта кетсек, өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейін депозитте болған ең төменгі сома бойынша төленетін болады. 10% сыйақы мөлшерлемесінің сыртында төленеді. Өтеуге болатын ең жоғары сома – 20 миллион теңге. Өтінішті 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін беруге болады.

Бұған дейін, 1,5 миллионнан астам салымшы депозит бойынша 10 пайыздық өтемақы алуға өтініш білдірді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.