Қазақстан бұқалар мен қошқарларды экспорттауға шектеулер енгізді

657
Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 19 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы малын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылы 1 наурызға дейін малдарды шетелге жіберуге сандық шектеулер енгізіледі.

ҚР аумағынан  ЕАЭО мен басқа да елдерге 60 мың бас бұқаға дейін, 120 мың бас қошқарға дейін әкетуге болады. Одан көп жіберуге болмайды.

Сонымен қатар, сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу ережелері бекітілді.

Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда "карантиндеу (экспорт)" функционалы арқылы карантиндеуге 12 айдан асқан бұқалар және 6 айдан асқан қошқарларды қою үшін сандық лимит қойылады.

Белгіленген сандық лимиттен асқан кезде жануарларды карантинге қоюға автоматты түрде тосқауыл қойылады.

12 айдан асқан бұқаларды карантинге қоюдың сандық лимиті – 60 мың бас, оның ішінде:

бордақылау алаңдары үшін – 30 мың бас;
өндірушілер үшін – 90 мың бас.
Республика аумағынан 12 айдан асқан бұқаларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық саны 500 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге 200 бастан аспайды.

6 айдан асқан қошқарларды карантинге қою үшін сандық лимит 120 мың басқа тең, оның 30 мыңы бордақылау алаңдарына, 90 мыңы тауар өндірушілерге.

Республика аумағынан 6 айдан асқан қойларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит 1000 бастан аспайды, ал бір тауар өндірушіге 500 бастан аспайды.

Жануарларды карантиндеудің бекітілген жоспарының көшірмесін алғаннан кейін өтініш берушілер жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға жүгінеді және бекітілген нысан бойынша өтінім береді.

Бұйрық 2023 жылыы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылыы 1 наурызға дейін қолданылады.