Шағын бизнесті қолдау бойынша ұсыныс әзірлейтін жұмыс тобы құрылды

1 666

Әлихан Смайылов «Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» өкімге қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



«Шағын және орта бизнесті қолдаудың толыққанды шаралар кешенін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында:


1. Осы өкімнің қосымшасына сәйкес құрамда шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.


2. Жұмыс тобы 2023 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстар әзірлесін және ҚР Үкіметіне енгізсін.


3. Осы өкімнің орындалуын бақылау ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министріне жүктелсін», - делінген Үкімет басшысының өкімінде.


Құжатта көрсетілгендей, бұл жұмыс тобының құрамына мына лауазымдағы тұлғалар енді:


- ҚР Премьер-Министрі, жетекші;

- ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі, жетекшінің орынбасары;

- ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы;

- ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;

- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісім бойынша);

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша);

- ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы (келісім бойынша);

- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

- ҚР Ауыл шаруашылығы министрі;

- ҚР Әділет министрі;

- ҚР Денсаулық сақтау министрі;

- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

- ҚР Мәдениет және спорт министрі;

- ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

- ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі;

- ҚР Энергетика министрі;

- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

- ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

- ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;

- «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы (келісім бойынша);

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушы (келісім бойынша);

- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы (келісім бойынша);

- «Өңдеу өнеркәсібі одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрағасы (келісім бойынша);

- «Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігі Басқарма төрағаның бірінші орынбасары (келісім бойынша).


Еске салайық, былтыр 26 қарашада өткен салтанатты ұлықтау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретіндердің бәрі қатаң жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді.


«Шағын және орта бизнестің дамуына заңсыз кедергі келтіретіндердің бәрі заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады. Біз ауқымды индустрияландыруды, инфрақұрылымдарды салуды және жаңғыртуды қолға аламыз. Кең байтақ еліміздің әр өңірінің дамуына тың серпін беру маңызды», - деген болатын Мемлекет басшысы.


Сонымен қатар, Президент Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.