Қызылордада салық төлеуден қашқан адамдар азаяр емес
441
Салықтық тексеру жүргізу барысында жиі орын алатын заң бұзушылықтың тоқтар еместігін айтып хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мүліктік пайда алу мақсатында нақты жұмыс жасамай, қызметтер көрсетпестен, тауарлар жеткізіп бермей шот-фактураны рәсімдеу, яғни өзара келісім арқылы бухгалтерлік және салық есептіліктеріне бұрмаланған мәліметтер енгізіп, салық төлеуден жалтару жайттары салық төлеушілер тарапынан жиі кездеседі.
Егер салықтық тексеру нәтижесімен бюджетке төленетін төлемдерді төлеуден жалтару фактілері анықталса, (бұл жерде бұзушылық сомасы заңды тұлғалар үшін 50 000 айлық есептік көрсеткіштен, ал жеке кәсіпкерлер үшін 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асса) онда салық органдары тарапынанҚазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, процесстік шешімді қабылдау үшінматериалдар тиісті құқық қорғау органдарына ұсынылып,қылмыстық іс қозғалады.
Қызылорда облыстық кірістер департаментінің дерегінше жыл басынан бері салықтарды төлеуден жалтару жайттары бойынша 5 cалық төлеушінің жалпы сомасы 1,1 млрд.теңгені құрайтын материалдары экономикалық тергеп-тексеру қызметіне жолданған. Нәтижесінде, 5 салық төлеушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның 3-і бойынша тиісті процессуалдық шешімдер қабылданды. Қалған 2 қылмыстық іс өндірісте.
Сондай-ақ, құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп таниды. Ағымдағы жыл ішінде мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа 49 өтініш беріліп, сотпен 17 азаматтық іс қаралып мәміле жарамсыз деп танылды. Қалған істер сотпен қаралуда.
Осындай заңсыз жасалған мәмілелер «көлеңкелі экономиканың» бір бөлігі болып табылады, бұл елдің экономикалық қауіпсіздігіне зиян келтіретіндіктен, сәйкесінше мемлекеттік кірістер органдарының бастыназарында болады.