Екі жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр

1 513

Фото:© Adm./Anadolu via Getty ImagesТалдықорғанда жүргізуші бағдаршамның қызыл жанғанын елемей, жоғары жылдамдықпен мопедтегі екі жасөспірімді қағып кеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

2026 жылғы 2 сәуірде өңірлік полиция департаменті Талдықорған қаласында болған жол-көлік оқиғасына қатысты ресми түсініктеме берді. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Кадрлардан соққының қатты болғаны байқалады - салдарынан екі жасөспірім жол қоршауынан асып кеткен. Жол апаты сол күні түнгі сағат 00:10 шамасында Жансүгіров пен Балпық би көшелерінің қиылысында болған.  Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан қозғалып, мопедпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан зардап шеккен екі жасөспірім ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті барлық медициналық көмекті көрсетіп жатыр. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайларын жан-жақты анықтауда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.