Ресей азаматының Қазақстандағы үйі жезөкшелер притонына айналған
365
"Стоп трафик " оперативті шарасының аясында алматылық полиция тағы бір жезөкшелер ордасын анықтады. Ресей азаматына тиесілі үйдегі притон массаж қызметін желеу етіп, қызметін жалғастырған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Сөздің шыны керек” бағдарламасына сілтеме жасап.
Қолына түскен матамен бетін жауып, жасырынуға тырысып жатқан қыздар Алматыдағы Бостандық ауданында орналасқан көпқабатты үйде қызмет жасайды.
Осы жердің әкімшісімін деп таныстырған азамат қыздардың тек массаж жасаумен айналысатынын айтқан.
Массажға арналған төсегі жоқ, жеке бөлмесі көп үйде әкімшімен қосқанда сегіз адам болған.
Есеп жүргізетін дәптерде қыздардың қызмет ақысы мен күндік табысы жазылған. Әкімші бұл массаж жасап табатын қыздардың табысы деп дәптерді жаба салды. Қыздардың өзі сөйлесуден бас тартты.
Десе де бұл жердің ешқандай массаж салоны емес жезөкшелік қызметпен айналысатын притон екенін полиция мәлімдеді.
Сондай-ақ Алматы полициясы "Стоп трафик" оперативті шарасының аясында 7 адамның сәби саудасымен айналысқанын анықтады.

“Біз классикалық массаж түрін жасаймыз. Дәл бұлай бізге полиция бірінші рет келіп тұрғандықтан қыздар бетін жауып, қорқып отыр. Интимдік қызмет көрсетпейміз”, – дейді Вера Какурина.
Массажға арналған төсегі жоқ, жеке бөлмесі көп үйде әкімшімен қосқанда сегіз адам болған.
Есеп жүргізетін дәптерде қыздардың қызмет ақысы мен күндік табысы жазылған. Әкімші бұл массаж жасап табатын қыздардың табысы деп дәптерді жаба салды. Қыздардың өзі сөйлесуден бас тартты.
Десе де бұл жердің ешқандай массаж салоны емес жезөкшелік қызметпен айналысатын притон екенін полиция мәлімдеді.
“Арнайы рейд жүргізу барысында екі қабатты ғимараттың ішінде боди массаж қызметін көрсететін салон бар екені анықталды. Оның ішінде 7 әйел жезөкшелікпен айналысқаны, қалған біреуі әкімші қызметін атқарған. Сондай-ақ бұл ғимараттың Ресей Федерациясының азаматына тиесілі екені белгілі болды. Қазіргі таңда оның қайда екенін анықтау үстіндеміз”, – дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.