6 айлық нәтиже: Жапон блогері қазақ қызына тәнті болды
Токиодағы Шибуя ауданында шетелдіктерден жапон тілінде сұхбат алатын блогер Шинтаро қазақ қызымен тілдесті. Небәрі алты ай бойы жапон тілін үйренген бойжеткеннің еркін сөйлеп, өз ойын анық жеткізуі блогерді таңғалдырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жапония астанасы Токиодағы Шибуя ауданында шетелдіктерден жапон тілінде сұхбат алатын танымал блогер Шинтаро қазақ қызымен тілдесті.
Әңгіме барысында блогер қыздың жапон тілін небәрі алты ай бойы меңгеріп жүргенін біліп, таңданысын жасырмады. Өйткені қазақ қызы жапон тілінде еркін сөйлеп, сұрақтарға еш қиналмай жауап беріп, өз ойын анық жеткізген.
Шинтаро көшеде шетелдіктермен сұхбаттасып, олардың жапон тілін қалай үйренгені, Жапонияға қандай мақсатпен келгені және тіл меңгеру деңгейі туралы бейнероликтері арқылы кеңінен танылған.







