Тұрғын үйдің көлік тұрағында 13 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

1 622

Фото: Kozachkov_offside Telegram арнасынанАлматыда "Комфорт сити" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірне жөндеу жұмыстарын жүргізген ер адам 13 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Оқиға 20 сәуір күні "Комфорт сити" тұрғын үй кешенінде болған. Тұрғындар болған жағдайдан соң шу шығарып, ақ жейделі жігіттен күдіктеніп, оны өздері іздей бастаған. Ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, паркингте қылмыс жасаған", – делігнен жазбада.


Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.


"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жағдай анықталып жатыр", – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.