208 млн теңгеге салынған жолдың сапасы сыр беруде
229
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы пайдалануға берілген жаңа жол қирай бастады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазталов пен Әжібай ауылдарын байланыстыратын тас жол 2022 жылдың күзінде салынған. Оған облыстық бюджеттен 208 миллион теңге жұмсалған. Пайдаланудың алғашқы айларында-ақ жолдың асфальт бетінде шұңқырлар мен ойықтар пайда болды. Мамандар мұны жол компаниясының сапасыз – құрамында битумы аз асфальт төсеуімен байланысты деп түсіндіреді. Қазталов ауданындағы Қазталов пен Әжібай ауылдары арасындағы жол құрылысы 2021 жылы көктемде басталған болатын. Барлық жол жұмыстарын мердігер «Жайық сити» ЖШС, құрылыс жұмыстарына техникалық қадағалауды «Мұзтау» ЖШС, сәулет қадағалауды «СТРОЙКОНСАЛТИНГ» ЖШС жүргізген.
Жергілікті тұрғындар жол пайдалануға берілгеннен бір ай өтпе, асфалть жолдың көп жері қирап, шұңқырлар мен жарықтар пайда болғанын айтады.
Әжібай ауылының әкімі Жігер Жақиев журналистпен кездесу барысында тас жолды жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгенін – бүкіл жол бойында шұңқыр болғанын мойындады.
Ал Қазталов аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов, керісінше, Қазталов пен Әжібай арасындағы жолдың өз бөлімінде қабылданғанын айтты.
Ол Қазталов пен Әжібай арасындағы жол бойындағы шұңқырлар асфальттағы битумның аздығына байланысты деген пікір білдірді.
Оның айтуынша, 2021 жылы мердігер «Жайық Сити» ЖШС жалпы ұзындығы 3,2 шақырым болатын жолдың 1 шақырым 300 метрін салған. Қалған 1 шақырым 900 метрі өткен жылдың күзінде аяқталды.

Сапасыз құрылыстың кесірінен жол ойдым-ойдым шұңқырға толып жатыр. Біз оны қабылдамадық, өйткені мұндай жағдайдағы жаңа жолды пайдалануға беру мүмкін емес, – деді Жігер Жақиев.
Ал Қазталов аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов, керісінше, Қазталов пен Әжібай арасындағы жолдың өз бөлімінде қабылданғанын айтты.
Біз жаңа жолды қабылдадық. Қабылдаған кезде бәрі жақсы болды. Бірақ бірнеше айдан кейін жол бұзылды, мойындаймын. Салынған жолға ақаулы акт жасап, 4 қаңтарда мердігерге жібердім. Енді мердігер қолайлы ауа райында жолды қалпына келтіреді, – деді Артур Берденов.
Ол Қазталов пен Әжібай арасындағы жол бойындағы шұңқырлар асфальттағы битумның аздығына байланысты деген пікір білдірді.
Жолдың қирауының басты себебі асфальт қоспасындағы битумның аздығы деп ойлаймын, – деп түсіндірді Берденов.