Орал тұрғыны әйелі перзентханаға түскенде өгей қызын зорлаған

358

Орал тұрғыны өгей қызын тұрақты түрде зорлап келген. Зорлаушы жұбайы перзентханаға түскен кезде, алғашқы рет қызға тиіскен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  

 Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Тәңсәрі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қыз бала бірнеше рет зорлыққа ұшырағанын хабарлады. Оның үстіне, сіңлісі оқиғаның еріксіз куәсі болған. 

Ол болған жайтты растады. Ал дәрігерлер тік ішектің жарақаттанғанын анықтады. Қор жетекшісінің айтуынша, полиция сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп, ер адамды тұтқынға алмаған. 


"Қазіргі уақытта ол мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауда отыр. Солай сәйкес келіп қалды. Оны 15 күнге тұтқындаған. Жақын күндері ол қайта шығып, үйіне оралады. Сонда не болмақ?" - деп ашынды құқық қорғаушы. 

Дина Таңсәрі зорлықшы қыздың анасын өлтіре ме деп қорқады. Себебі жасөспірімді бірнеше рет зорлағаны үшін ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал қыздың анасын өлтірген жағдайда, 8 жылдан 15 жылға дейін сотталады. 


"Қылмыскер нені таңдайды? Зонаға педофил әлде кісі өлтіруші болып түсуді? Қызға не істе дейсіздер? Оның балаларға не істеуі мүмкін екенін ойлаудың өзіне қорқамын. Оның үстіне, куәгер бала бар!
Оралда мұндай жағдай жиі кездеседі. Педофилдер бостандықта, зорлықшыларды қамамайды, ал құрбан болғандар қорқынышпен өмір сүреді. 
Соңғы даулы кейстерді еске түсірудің өзі жеткілікті. Орал полициясы солай жұмыс істейді. Әдістері сондай. Неге екені белгісіз, қылмыскерлерге келгенде жұмсақ
", - дейді Дина Таңсәрі.

Оның сөзінше, анасы қызының айтқан әңгімесін видеоға түсіріп алған. Кадрды жыламай көру мүмкін емес. 

Ал полиция департаментіндегілер аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. 


"Бірқатар сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде. Сараптама нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - деп хабарланды мекемеден.