6 маусым күні «Таза бейсенбі» акциясы басталды

1 530

«AMANAT» партиясы«AMANAT» партиясы 12 сәуірден бастау алған Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау білдіріп, бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізе бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жұмыстар экология саласындағы заң нормаларын шығару қызметі, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы, «Таза Qazaqstan» Road-эстафетасы, Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі қоғамдық науқаны және жасыл волонтерлік деп аталатын 5 бағыт бойынша жүргізу жоспарланып,


6 маусым күні партия «Таза бейсенбі» акциясы бастады.


Басты мақсаты тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, еліміздің тазалығы мен әсем табиғатына қамқорлық жасайтын, қоғамдағы вандализмнің көріністеріне төзбейтін заң мен тәртіптің үстемдігі қағидатына сәйкес келетін саналы экологиялық қоғам құру.


Акция аясында өңірдің барлық аудандарында алдын-ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары әзірленіп, әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен филиалдары бекітіліп, олар ай сайын бекітілген учаскелерде тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ абаттандыру мен инфрақұрылымды дамытуға байланысты мәселелерді шешетін болады.


Мәселен, партияның облыстық филиалы акцияның алғашқы күні облыс орталығындағы азаматтардың демалыс орны, Б.Шөкенов атындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі акция барысында да тазалық жұмыстарымен қатар азаматтардың қауіпсіздігі үшін қурап, құлауға айналған ағаштарды кесіп, орынына жаңа ағаш отырғызуға ықшамдады.


Бұл жұмыстарға партияның бастауыш ұйымдары, фракция мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанаты мүшелері мен «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымы жұмылдырылды.


«Таза бейсенбі» акция аясында тазалық жұмыстары бүгін Жаңақорған және Сырдария аудандарында жоспарланып, алдын-ала картаға енген ластанған аумақтар қоқыстан тазартылды.


Айта кету керек, партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ауқымды міндеттер тұр. Соның бірі Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 2027 жылға дейін 750 гектардан астам аумаққа сексеуіл егу. Өткен жылы осы мақсаттағы жоспар толық орындалса, ағымдағы жылы 250 мың гектар жерге сексеуіл егу жоспарланып, бүгінгі күні 65 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілді. Қалған көлем агротехникалық талаптарға сәйкес күз мезгілінде жалғасатын болады.