3 ер адам жасөспірімді есінен танғанша ұрып-соғып кеткен
Алматыда үш ер адам жасөспірім мен оның ағасын соққыға жыққан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ал полиция олардың біреуін ғана қолға түсірген.
Болған жағдайдан зардап шеккен жасөспірімнің анасы Сымбат Арғынова баяндап берген. Оның айтуынша, оқиға 15-ші желтоқсаннан 16-на қараған түні Төле би көшесінің бойында орналасқан жанармай бекетінде болған.
Әйелдің сөзінше, ұлы ауруханада жатқан кезде күдіктілер тарапынан ешкім келіп кешірім сұрамаған.
“Ұлымның миы шайқалып, жағы шыққан. Қазір жақ тістерін емдетіп жатырмын. Ұлымды психотерапевтке қаратуым керек. Себебі, қатты қорқып қалған, “ұрып жатқан кезде өліп қаламын ба деп қорықтым” деп жылап айтады”, – дейді жәбірленушінің анасы.
Жәбірленушінің анасы енді кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр.







