"21 елдің туын жатқа біледі" - 2 жасар бала халықты таңқалдырды

389

2 жастағы ерекше дарынды иесі Абай 20-дан аса елдің туын жатқа біледі. Ол "Таңшолпан" бағдарламасында қонақта болып, Қазақстаннан бастап, Испания, Аргентина сынды көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерін көрсетіп, айтып берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Абай Қазақстан, Канада, Америка, Чехия, Корея, Испания, Аустралия, Аргентина, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Португалия, Түркия, Франция, Хорватия, Жапония, Өзбекстан елдерінің туларын дәл тауып, атап берді. 


Анасы Айнұр Ибрагимованың айтуынша, ол 5-6 айынан бастап баланың ақыл-ойын дамытатын түрлі ойындар ойнаған. 


"Туды үйренгенімізге көп болған жоқ. Бір айдың ішінде үйреніп алды. Күніне 2-3 тудан үйретіп, қазір 20-дан аса елдің туын білеміз.
5-6 айынан бастап кітаптар, карточкалар көрсетіп, тілін ерте шығаруға барынша атсалыстық. 1-ге толмай сөйлеп кетті
", - дейді Айнұр Ибрагимова.



Осы ретте ол баланы ерте дамыту үшін не істеу керектігін айтты. 


"Баламен көп сөйлесу керек, жақсы көру керек. Сапалы уақыт өткізу керек. Гаджеттерді мейлінше аз көрсету керек", - деді ол. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.