Иттерді атып , өлексесін гараж маңына тастап кеткен

1 522

Фото: ©️видео скриншотАқтөбе қаласындағы Авиагородок ауданында тұрғындар дабыл қаққан. Гараждар маңынан бірнеше иттің өлексесі табылған. Куәгерлердің айтуынша, жануарлар атылған болуы мүмкін, ал олардың денесі қар үстінде сол күйі тасталып кеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеода өлі жануарлардың ашық жерде жатқанын көруге болады. Күн жылынған сайын жағымсыз иіс шығып, инфекция тарау қаупі артады деп алаңдаған тұрғындар жауапты мекемелерден шұғыл шара қабылдауды талап еткен.

«Иттерді чиптеп, бюджет қаржысын жұмсаған соң, неге соңында атып тастайды?» деген сауал да қоғамда қызу талқыланып жатырған. Егер бұл расымен жаппай ату болса, онда оның заңдылығы мен орындалу тәртібі толық тексерілуі тиіс. Мұндай жағдайда ең басты мәселе - өлекселердің дер кезінде жиналмауынан. Бұл - тек адамгершілік мәселесі емес, санитарлық қауіпсіздікке тікелей қатысты. Әсіресе гараж маңы - адамдар жиі жүретін аумақ.

Қала әкімдігі мен ветеринарлық қызмет бұл жайтқа қатысты нақты түсініктеме беруі керек. Иттерді ату фактісі болды ма? Болса, неге өлекселер ашық далада қалдырылған? Әлде жауапты қызметтер тағы да бақылаудан тыс қалды ма?Қоғамдық денсаулық пен тәртіпке жауап беретін мекемелер үнсіз қалмауы тиіс. Тұрғындардың денсаулығы - бірінші орында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.