Қазақстанның үш облысында тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылады
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2024 жылғы қызметі мен 2025 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматы, NEGE. Туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Мирас Төлебаев Қазақстанның үш облысында тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылатынын мәлімдеді. Олар: Маңғыстау, Алматы, Жетісу облыстары.
Казиноға Қазақстан азаматтары қатыса алмайды. Тек шетелдіктердің ғана ойнауына рұқсат беріледі.
2024 жылы Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 7 букмекерлік кеңсеге, 3 ойын автоматтары залына және 1 казиноға, лотерея операторына тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 1 букмекер лицензиядан айырылды, 4 букмекерге, 2 ойын автоматтары залына және лотерея операторына 8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 101 жеке тұлға жауапкершілікке тартылып, 43 млн теңгеге көлемінде айыппұл төледі. Заңсыз лотереяны ұйымдастырудың 40 фактісі бойынша материалдар жинақталуда. Комитет құрылғанға дейін заңсыз лотереялармен ешкім айналыспағанын атап өту керек. Елімізде лотереяны «Сәтті жұлдыз» компаниясы ғана ұйымдастыруға құқылы.